Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін “Журналистика” мамандығы бойынша бітірген. Ақсәуле Әбітай “Авторадио Қазақстан” радиосында тікелей эфирде жаңалықтар жүргізді. 7kun.kz іскер жаңалықтар сайтында редактор қызметін атқарды. Азаттық радиосының Жамбыл облысындағы тілшісі, кейін Forbes Kazakhstan журналынының қазақша нұсқасында шығарушы редактор болды. Kursivmedia сапында 2024 жылдың желтоқсанынан бері істейді.