Қазақстан миноритарлы акционерлер қауымдастығы (QAMS) жеке тұлғаның дивиденд табысынан салық ұстамауды ұсынды. Ұйым үндеуі Сенаттың салық кодексі жобасын талқылау жұмыс тобына, Қаржы министрілігі мен Ұлттық экономика министрлігіне жолданды. Үкіметтік емес ұйым парламенттен миноритарлы акционерлер үніне құлақ асуды сұрайды. Қауымдастық мәліметінше, Қазақстанда жеке тұлғалардың 5,8 млн инвестициялық есебі бар. Олар KASE…