Ұлттық Банк соңғы күндері доллардың күрт қымбаттап кетуіне байланысты пікір білдірді. Егер теңге бағамы одан әрі әлсірей берсе, реттеуші нарыққа араласуы мүмкін. Ұлттық банктің түсіндіруінше, «жаһандық нарықтағы құбылмалылықтың артуы мен экспорттық тауарлар бағасының арзандауына байланысты» ұлттық валюта бағамы әлсірей түскен. АҚШ президенті әкімшілігінің саяси шешіміне байланысты жаһандық қаржы нарықтарында құбылмалылық…