Желтоқсан айында қазақстандықтардың долларға деген сұранысы қатты төмендеп кетті. Ұлттық банктің ресми дерегі бойынша, желтоқсанда айырбастау пункттері 176 млрд теңгеге доллар сатқан. Ал қараша айында бұл көрсеткіш 228 млрд теңгеден асқан еді. АҚШ валютасына деген сұраныс осылайша бір айда 27%-ға құлдыраған. Ал 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда сұраныс 34,8%-ға төмендеген. Өңірлер…