Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы бүгін бірден 5,11 теңгеге көтеріліп, 1 доллар бағасы 522,11 теңге болды. Осылайша АҚШ валютасы екі аптаның ішінде шамамен 20 теңгеге нығайды. 3 сәуірде 1 доллар 502 теңге, ал 11 наурызда 488 теңге тұрды. Ұлттық валюта бір айда шамамен 34 теңгеге құлдырады.…