Маңғыстау облысында құны 1,35 миллиард доллар тұратын аммиак, карбамид зауытын ESTA Construction түрік компаниясы тұрғызады. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Қазақ-түрік бірлескен кәсіпорыны Бұған дейін, 4 наурызда үкімет басшысы Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясының бас директоры Мұстафа Топракпен Астанада кездескен. Олар сол кезде Маңғыстауда 675 млрд теңгенің химия зауытын салу мәселесін талқылаған.…