Францияның Антиб мүйісіндегі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған пәтерлерге ұқсас элиталы баспана сатылымға шығарылды. Шетелдік жылжымайтын мүлік сайттарында Антиб мүйісіндегі Parc du Cap кешенінде орналасқан төрт пәтерді сату туралы хабарландыру пайда болды. Бұл туралы «Выход к морю» телеграм арнасы жазды. Телеграм арнаның жазуынша, нысандардың сипаттамасы Қайрат Сатыбалдыға тиесілі апартаменттерге сәйкес келеді.…