Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов Тоқаевпен кездесіп, банктің қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы есеп берді. Өткен жылы банк Қазақстан экономикасына 1,4 млрд доллар инвестиция салған. Ал қазақстандық жобалардың банк портфеліндегі үлесі 60%-ға жетті. «Қазақстан Республикасы бойынша 2022–2026 жылдарға арналған стратегияны іске асыру басталғалы бері ЕАБР 3,8 млрд…
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» мен ČEZ a. s. компаниясы Чехияның атом электр станциялары үшін қазақтың табиғи уран концентратын жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойды. Мәлімет Қазатомпром сайтында жарияланды. «Келісім компанияның әлемдік уран нарығындағы орнын нығайтады», – деп хабарлайды Қазатомөнеркәсіп. Чех компаниясы қазақ уранын Темелин атом электр станциясы үшін сатып алады. Қазақстан…
Наурыз қорытындысы бойынша, қазақстандықтар депозитте 40,4 трлн теңге сақтаған. Бір ай ішінде салым көлемі 21,39 млрд теңгеге өскен. Бұл туралы Ұлттық банк жариялаған статистикада жазылған. Наурыз айында ұлттық валютадағы депозит көлемі 236 млрд теңгеге азайып, 31,1 трлн теңгені құрады. Бұған негізінен заңды тұлғалардың депозиттерін қысқартуы себеп болды. Бизнес тарапынан салымдар…
Meta бас директоры Марк Цукерберг дүйсенбі күні Вашингтонда сотқа қатысты. Құрама Штаттардың монополиямен күрес қызметі миллиардерден Instagram мен WhatsApp-ты сатуды талап етті. Сотқа шағымдануға не себеп? АҚШ федералдық сауда комиссиясы (FTC) Meta корпорациясынан қайта құрылымдауды, не болмаса Instagram мен WhatsApp-ты сатуды талап етті. Бұған дейін президент Дональд Трамп ірі технологиялық…
Микропроцессорлар өндірісінде қиындықтарға тап болған Intel бағдарламаланатын микросхемалар шығаратын Altera бөлімшесін сатпақшы. Компания оның 51% акциясын инвестициялық қор Silver Lake-ке 8,75 миллиард долларға сатуға келісті. Бұл сома Intel-дің 10 жыл бұрын Altera-ны сатып алған бағасынан екі есе аз деп жазады Bloomberg. Intel-дің хабарлауынша, мәміле 2025 жылдың екінші жартысында аяқталады. Компания…
Америкалық чип өндіруші Nvidia компаниясы алдағы 5 жылда АҚШ-та жасанды интеллект (ЖИ) инфрақұрылымын дамытуға 500 млрд долларға дейін инвестиция салмақшы. Бұл жобаны компания тайвандық TSMC сынды серіктестермен бірге жүзеге асырады. TSMC қазірдің өзінде Аризона штатының Финикс қаласында Nvidia Blackwell ЖИ-чиптерін шығара бастады. Сондай-ақ Foxconn мен Wistron зауыттарында суперкомпьютерлер дайындауға инвестиция…
Қазақстан сәуірдің алғашқы екі аптасында мұнай өндірісін наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 3%-ға азайтты, бірақ сонда да OPEC+ квотасынан асып кетіп жатыр. Мұнайдың арзандауына Қазақстан кінәлі ме? Республиканың Энергетика министрлігі Reuters-ке 14 сәуір күні мұнай өндірісі азайғанын растаған. Агенттіктің үш дереккөзі өткен айда ұйымның бірнеше мүшесі, соның ішінде Сауд Арабиясы да Қазақстанның…
Fincraft Group холдингі 2024 жыл үшін дивиденд төлемейтін болды. Бұл туралы қор биржасында жариялаған құжаттан белгілі болды. Дивиденд төлемеу туралы шешімді холдинг акционері қабылдаған. «Осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес серіктестіктің 2024 жылға арналған жекелеген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін. Таза табысты таратпаңыз немесе 2024 жылға арналған операциялық нәтижелер бойынша дивидендтерге төлемеңіз»,…
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады. Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында стратегиялық әріптестіктің қазіргі ахуалы мен перспективасы талқыланды. Cонымен бірге ірі инвестициялық жобаларға, соның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісіне ерекше назар аударылды. Тоқаев Chevron компаниясымен серіктестік елдің энергетика саласын тұрақты дамытуда негізгі рөл атқаратынын…
Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Болат Өтемұратов отбасына тиесілі RG Gold алтын өндіруші компаниясы мен америкалық RCFM GP L.L.C. Ақмола облысында тағы бір жерден геологиялық барлау жұмысын жүргізетінін мәлімдеді. Аршалы өзені мен Шыбындыкөл маңы Николаев деп аталатын жер осы компания алтын өндіріп жатқан Оңтүстік Райгородок кен орнына жақын маңда орналасқан.…
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) елдегі банк және банк қызметі туралы жаңа заң жобасын таныстырды. Қазақстанда банк саласында қатысты заң 1995 жылы қабылданған. Содан бері 30 жыл өтті. Нарық, банк қызметі де өзгерді. Былтыр қыркүйектегі жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев осы жайлы айтып, жаңа заң қабылдауға тапсырма берген еді. 8…
Sony 14 сәуірден бастап әлемнің бірқатары елі үшін PlayStation 5 бағасын 11%-ға көтеретінін мәлімдеді. Жапон компаниясы бұның себебін инфляция жоғарылап, валюта бағамы құбылып тұрғанымен түсіндірді. Reuters мәліметінше, енді PlayStation 5 Еуропа, Ұлыбритания, Аустралия, Жаңа Зеландия және басқа да елдерде 11%-ға қымбатқа сатылады. Жапонияның технология және ойын-сауық конгломераты шығаратын дисководсыз PS 5…
2024 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 1 487,4 трлн теңгеге төлем жүргізілді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 51,7%-ға көп. ҰБ мәліметінше, операциялар көбіне сағат 16.00-17.00 аралығында өңделеді. Операция күндері ұлттық төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы жүргізілетін операциялардың бір тәуліктегі орташа көлемі – 5,9 трлн теңге. Былтыр ҰБ жүйелерінде…
Altel/Tele2 брендтеріне иелік ететін «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясын Қатардың Power International Holding (PIH) холдингі 1,1 млрд долларға сатып алды. Бұл туралы «Қазақтелекомның» 2024 жылдың қорытындысына арналған қаржы есебінде баяндалды. Есеп Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында жарияланды. «МТС-тің 100% үлесін сату жұмысы 2025 жылғы қаңтарда аяқталды. Келісімге сәйкес, МТС үлесі 1,1 млрд…
Қазақстанда банктер және банк туралы жаңа заң жобасы дайындалды. Құжат жеті негізгі бағыттан тұрады. Солардың бірі – халыққа қызмет көрсететін қаржы ұйымдарына талапты күшейту. Заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк бірге дайындаған. Оған Еуропа қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Oliver Wyman, KPMG,…
Жаңаөзен қаласында QazaqGaz өңдеу зауытының бұрынғы директоры Болат Байшуақов төрт жылға сотталды. Топ-менеджерге мемлекеттік қызметке орналасуға тыйым салынды. Байшуақовтың сотталғаны туралы мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады. «Маңғыстау облысы Жаңаөзен аудандық соты «Қазақ газ өңдеу зауытының» бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты іс бойынша үкім шығарды. Байшуақов сеніп тапсырылған кәсіпорын…
Дәл қазір екі микроқаржы ұйымы банк болуға рұқсат алды. Бұл туралы бүгінгі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банк нарығы туралы заң жобасын таныстыру кезінде айтылды. «Бүгінде екі микроқаржылай ұйымға екінші деңгейлі банк формасында қайта құрылу үшін рұқсат берілді. Олар KMF және БНК Финанс Қазақстан», – деді ҚНРДА-ның қаржы ұйымдарын…
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Полимер Продакшн» кәсіпорынының 60% үлесін Ресейдің СИБУР компаниясына сату себебін түсіндірді. Ол жұмысы тоқтап тұрған зауытқа қомақты инвестиция құюы тиіс. Кәсіпорынның жағдайы Ұлттық компанияның мәліметінше, ҚМГ кәсіпорынның 100% үлесін 2023 жылғы желтоқсанда сатып алған. Зауыттың жылына 10 мың тонна полипропилен пленка өндіретін қуаты бар, алайда сол кезде…
Әлемдік сауда соғыстары — әсіресе, ірі экономикалар арасындағы (мысалы, АҚШ пен Қытай) тарифтер мен санкциялар арқылы жүретін қақтығыстар — жаһандық нарықтарға үлкен қысым жасайды. Бұл құбылыстың Қазақстанның қор биржасындағы (KASE) отандық компанияларға әсері бірнеше қырынан байқалады: отандық компания акцияларының төмендеуі және KASE индексі теріс динамикаға шықты. Сауда соғысы жаңа деңгейге…
АҚШ пен Қытай сауда текетіресін Ресей өз пайдасына пайдаланбақ. Сауда соғысы аясында АҚШ Қытайға экспорттайтын мұнай көлемін қысқартса, Ресей өз өнімін ұсынуға ниетті. Ресей Федерациясы ҚХР-ге қанша мұнай қажет болса, сонша жеткізіп беруге дайын. РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко осылай деп мәлімдеген. Бұл ретте орыс шенеунігі Қытай ұлттық…
Kcell байланыс операторының таза пайдасы 2024 жылы үш есе азайып кеткен. 2023 жылы 32,9 млрд теңге таза пайдамен салыстырғанда, былтырғы көрсеткіш 10,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы компанияның 2024 жылға арналған аудиттелген қаржылық есебінде жазылған. Кіріс артты, бірақ шығындар одан да тез өсті Жалпы кіріс өткен жылмен салыстырғанда 5,2%-ға өсіп,…
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі жаңа деңгейге көтерілді. Ақ үйдің ресми өкілі Каролин Левитттің айтуынша, Қытай тарапы қарсы шараларды жалғастырса, оныі Пекин үшін салдары ауыр болмақ. «Егер Қытай жауап беруді жалғастырса, бұл Қытайдың өзіне тиімсіз болады. АҚШ – әлемдегі ең қуатты және ең мықты экономика. Бұған дәлел ретінде –…
«Қазақстанның Даму Банкі» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Жоғарғы аудиторлық палатаның сынына қатысты ресми түсініктеме берді. Банктің мәлімдеуінше, мемлекеттік бағдарламалар аясында ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелері уәкілетті органдар бекіткен қаржы-экономикалық негіздемеге толық сай келеді. Бұл мөлшерлеме салалық министрліктер тарапынан бекітілетін шекті ставка шеңберінде қалыптасады. Олар бюджет және нарықтан тартылатын қаражат үлесі мен банктің…
19 ақпаннан бастап Ұлттық банк алтын-валюта резервтерінен алтын сатуды уақытша тоқтатты. Бұл туралы брифингте реттеуші ұйымның төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. «Біз алтынды бұрынғыдай көлемде сатып алып жатырмыз. Биыл [отандық фабрикалармен] 67 тонна алтын өндірілмек. Жыл басынан бері біз 8 тонна саттық. Осыны алып тастағанда қалған көлемнің бәрін сатып алып, сақтау…