FlyArystan әуе компаниясы тергеудің ресми шешімі шыққанға дейін қандай да бір пікір білдіруден бас тартады. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады. Әуекомпания өкілдерінің айтуынша, қосымша қызметтер үшін бекітілген тарифтерді қолдану тәсілі әлемдік авиация саласында кеңінен таралған лоукост (төмен бюджетті) бизнес-моделінің негізгі қағидаттарына толықтай сәйкес келеді. Бұл модель жолаушыларға қажетті қызметтер…