Қазақстан шетелге кетіп қалған қаржыны елге қайтару мәселесін тағы да көтеріп отыр. Осыған орай «Ақ жол» фракциясының депутаттары Премьер-министр Олжас Бектеновке арнайы сауал жолдаған. Депутаттар елден шығарылған капиталды қайтару үшін салық амнистиясын өткізуді ұсынып отыр. Премьер-министр жауабында бұл ұсынысты жоққа шығармағанымен, мәселені жан-жақты зерттеу қажет екенін айтқан. «Офшорлық аймақтардан және…