Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингі «BBB-» деңгейінде, болжам – «тұрақты». Бұл туралы Ұлттық экономика баспасөз қызметі хабарлады. Агенттік ЖІӨ құрылымында мұнайға жатпайтын сектордағы өсімнің оң әсерін, фискалдық тұрақтылықты, сыртқы резервтердегі көлемнің ауқымдылығын және сыртқы қарыздың көлемі қалыпты екенін атап өтті. Агенттіктің болжамынша, Қазақстан экономикасы 2025 жылы 4,9% және 2026 жылы 3,4% деңгейіне өседі. Бұған мұнай өндірісіндегі өсім, сол секілді экономиканы ынталандыру мен әртараптандыруға жұмсалатын мемлекеттік шығыстар,…