Қазақстан Хорватия арқылы Мажарстанға 85 мың тонна алғашқы мұнай партиясын экспорттады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы хабарлады. Мұнай Новороссийск портынан Хорватияның Омишаль портына дейін «Қазақтеңізкөлікфлотының» «Alatau» танкерімен тасымалданған. Ал бұл порттан шикізат Мажарстанның Сазхаломбатта мұнай өңдеу зауытына дейін Адрия мұнай құбыры арқылы жеткізіледі. Бұл мұнай құбырын Хорватияның Jadranski naftovod компаниясы (JANAF)…