«Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus корпорациясымен ірі мәміле жасасып, әуе флотын айтарлықтай кеңейтетінін хабарлады. Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынылған ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 26 ақпанда компания басшылығы Airbus A320neo отбасына жататын әуе кемесін сатып алу туралы шешім қабылдады. Компания 25 дана Airbus A320neo ұшағына «нақты тапсырыс» (firm order) берген.…