Түрік актері Озан Гювен бұрынғы сүйіктісін соққыға жыққаны үшін 2,3 жылға бас бостандығынан айырылды. Гювен «Сүлеймен сұлтан» телехикаясында Рүстем пашаның рөлін сомдаған. Сот отырысы Ыстанбұлда өтті. Сот Озан Гювенді тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекетіне барғаны үшін кінәлі деп таныды. Жәбірленуші – оның бұрынғы сүйіктісі Дениз Булутсуз. Дениз Булутсуз полицияға 2020 жылы арызданған.…