5 сәуірде Ақтау қаласында Димаш Құдайберген ән шырқаған концертке 100 мыңға жуық адам жиналды. Бұл туралы жергілікті Lada.kz басылымы шараны ұйымдастырушы «Ақтау – түркі әлемінің астанасы» жобасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Димаш Каспий жағалауында өткен концертте бірнеше ән орындады. Каспий жағалауында екі сахна тігіліп, жеті ауылдан тұратын этноқалашық бой көтерді.…