Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) төрағасы Генадий Головкинді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Кездесу барысында Геннадий Головкин комитеттің атқарған жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы баяндап, еліміздегі спорттық инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстармен бөлісті. Мемлекет басшысы ҰОК-ке жүктелген міндеттердің ауқымдылығын атап өтіп, Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту мен әлемдік жарыстарда…
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі спортшылардың жетістіктері үшін төленетін үстемақылардың жаңа жүйесін енгізуді ұсынды. Жоба Ашық НҚА порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, қазіргі таңда спортшы бір жыл ішінде бірнеше жоғары нәтиже көрсетсе де, тек ең жоғарғы жетістігі үшін ғана қосымша ақы алады. Алайда, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлері…
Қазақстандағы «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық сыйлық биыл 14-ші рет табысталды. Салтанатты шараның негізгі он номинациясы бойынша жеңімпаздар екі кезеңдік дауыс беру арқылы анықталды. Бірінші кезеңде Facebook әлеуметтік желісінде іріктеу жүргізілсе, екінші кезеңде әр номинациядан төрт финалист іріктеліп, жеңімпаздар анықталды. Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар Жылдың үздік мұғалімі – Серік Ниязов,…
«Астана» футбол клубы 9 желтоқсанда УЕФА Конференциялар лигасы аясында өтетін «Челси» командасымен матч билеттерін сатудың екінші кезеңін бастағанын хабарлады. Билеттерді тек ресми zakazbiletov.kz сайты арқылы сатып алуға болады. Еске сала кетейік, алғашқы кезеңі 24 қарашада сатылып басталған билеттер сол күні-ақ сатылып кеткен болатын. Сондай-ақ клуб басшылығы билеттерді сатуда мынадай қауіпсіздік…
Алдағы апта түрлі қызық іс-шараға толы болмақ. Жаңа жыл қарсаңында елдің түкпір-түкпірінде түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылып жатыр. Ал әртістер жылды қорытындылап, 2024 жылдағы ең соңғы кештерін өткізіп жүр. Жалпы желтоқсан – қорытынды есеп беру айы. Бұл айда тек әнші-бишілер емес, әзілкештер де белсенді. Афишаны шолып отырып, апта бойы елдің әр…
Танымал ресейлік әнші әрі рэпер Моргенштерн Қазақстандағы жанкүйерлеріне концертінің болмайтынын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Әншінің айтуынша, оның Қазақстан сахнасында өнер көрсету ойы тағы да сәтсіз аяқталды. Алматыда 7 желтоқсанға, ал Астанада 8 желтоқсанға жоспарланған концерттер ресми түрде тоқтатылды. Рэпер концерттердің өтпей қалу себептерін ашып айтпады, бірақ жанкүйерлеріне билеттерін қайтаруды ұсынды.…
Алматыда өткен «Қазақстан аруы-2024» сұлулық байқауында өскемендік 22 жастағы Бағым Балтабаева жеңімпаз атанды. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 20 үміткер қатысты. Финалдық кезеңде бірнеше арнайы номинациялар тағайындалды: Айдана Әбілқасова — «Вице-мисс Қазақстан 2024», Томирис Қадырхан — «Жер аруы 2024», Дана Алмасова — «Ғалам аруы 2024». Биылғы байқау ерекше концепциясымен көзге түсті.…
Желтоқсан басталысымен көпшілгі жылды қорытындылай бастайды. Кейінгі жылдары жеткен жетістігі, атқарған ісіне қоса, түрлі платформалардағы белсенділігін қорытатын тенденция қалыптасты. Бірі таксимен қанша уақыт, қандай қашықтық жүргенін есептесе, бірі қандай кино көріп, ән тыңдағанын жарыса жариялап жатады. Ал біз бүгін белгілі музыка платформаларында әлем бойынша ең жиі тыңдалған әндерге тоқталғымыз келіп…
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында өңірде той өткізу үшін стандарттар мен ережелер енгізу мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Әкім бұл бастаманың өңір ақсақалдарының ұсынысымен көтерілгенін атап өтті. «Жақында осы мәселені жан-жақты талқыладық. Егер Тараз бен аудан орталықтарындағы жағдайды қарасақ, әр демалыс күні шамамен 300 қонақ…
Мемлекеттік сатып алулар сайтында Шымкент қаласының спорт басқармасы Футбол командаларын дайындау және жергілікті, ұлттық және халықаралық жарыстарға қатысу бойынша қызметтерге 892 960 714 теңге қаражат бөлді. Құжаттағы мерзім бойынша «Ордабасы» футбол клубы бұл қаражатты 31 желтоқсанға дейін игеру керек. Алайда Қазақстанның футболдан біріншілігі аяқталғанын ескеру керек. Футбол маусымы аяқталды, қаржы…
TikTok платформасы алғаш рет үздік креаторларын марапаттау рәсімін ұйымдастырды. TikTok Awards UK & Ireland 2024 алғашқы премиясының иегерлері арасында педагогтер, поп жұлдыздар мен айықпас дертке шалдыққан науқас бар. Әлеуметтік желі ұйымдастырған іс-шара Exhibition London залында өтті. Оған бірқатар өнер жұлдыздары шақырылған. TikTok алдымен өзі үздік аккаунттар тізімін жасап, кейін солардың…
Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен өтетін жекпе-жегінде алатын сыйақысы белгілі болды. Sportalmag деректеріне сәйкес, Рахмоновтың кепілдендірілген сыйақысы 350 мың долларды құрайды. Ал қарсыласы Иэн Гэрри 150 мың доллар алады. Жекпе-жектің жеңімпазына қосымша 100 мың доллар бонус беріледі. Сонымен қатар UFC демеушілерінен екі спортшыға да алты мың доллардан…
Ақтаулық «Каспий» футбол клубы басшылығы оқу-жаттығуға бөлінген 27 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады. Прокуратура мәліметінше, тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды. Сонымен қатар 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген. Футбол клубының экс-басшысы және…
Соңғы аптада қазақстандық кинотеатрларда кассалық табысы ең жоғары фильмдердің тізімі жарияланды. 1. Моана 2 – 718 104 231 теңге Ticketon билет операторының мәліметінше, ең көп касса жинаған фильмдердің көшін «Моана 2» бастады. Анимациялық фильм 718 104 231 теңге жинап, көрермендер арасында үлкен сұранысқа ие болды. Бұл көрсеткіш фильмнің балалар мен…
Алматы қаласының Орталық стадионында өткен UEFA Конференция лигасының 4-турында «Астана» футбол клубы португалиялық «Витория Гимарайнш» командасымен ойнады. Бұл матчта екі ұжым ұпай бөлісіп, 1:1 есебімен тең тарқасты. Бірінші тайм тең жағдайда өтті. Матчтың 40 минутында «Астана» сапындағы хорватиялық қорғаушы Бранимир Калаица бұрыштамадан келген пасты сәтті пайдаланып, есеп ашты – 1:0.…
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Біріккен Араб әмірліктерінің Дубай қаласында халықаралық DIAFA сыйлығын алды. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Өнерге қосқан үлесі үшін DIAFA-ға рахмет. Рахмет, Дубай! Рахмет, DIAFA!» – деп жазды ол. Distinctive International Arab Festivals Awards (DIAFA) – жыл сайын Дубайда өтетін Таяу шығыс аймағындағы беделді халықаралық…
Қазақстандық белгілі продюсер Баян Алагөзовамен журналист, блогер Дана Орманбаеваның арасындағы апелляциялық іс сотта қаралды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Алагөзованың адвокаты Анна Чернова жазды. Чернова жазған ақпаратқа сүйенсек, Алматы қалалық соты бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған. «27 қарашада Алматы қалалық соты айып адамның апелляциясын қарап, үкімді күшінде қалдырды», – делінген…
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Киелі мекен» атты жаңа әніне түсірілген музыкалық бейнебаянды ұсынды. Бейнебаян Қазақстанның ең көрікті мен қасиетті жерлерінде түсірілген, елдің табиғаты мен рухани байлығын ерекше суреттейді. Көрермендер Алматы облысындағы Көлсай көлдеріне саяхат жасап, Шарын каньоны мен Торыш аңғарын қыран құстың көзімен тамашалайды. Акмешіт үңгірінің тереңіне үңіліп,…
Соңғы күндері Instagram қолданушылары қазақстандық әртістердің әндерін сторис пен рилсте пайдалануға жарамсыз болғанын байқады. Бұл жағдай «Қазақстан авторлар қоғамы» (ҚазАҚ) мен Meta компаниясы арасындағы келісім мерзімінің аяқталуынан туындаған. Бұл туралы журналист Әділ Балтабаев өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Бұған дейінгі келісімде қазақстандық авторлардың музыкасын платформада қолданғаны үшін роялти төлеу қарастырылған еді.…
Соңғы аптада қазақстандық кинотеатрларда кассалық табысы ең жоғары фильмдердің тізімі жарияланды. Ticketon билет операторының мәліметінше тізімдегі алғашқы орындарды тарихи және фантастикалық жанрдағы туындылар иеленді. «Гладиатор 2» – 218 891 660 теңге Екінші апта қатарынан көш басынан түспей келе жатқан әйгілі «Гладиатор» фильмінің жалғасы болды. Бұл тарихи эпопея көрермендерді эпикалық шайқастар…
Қазақстан мен Испания бірлесіп түсіріп жатқан «Бітім» / La Tregua атты фильмнің түсірілім жұмыстары басталды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады. Карлагтағы (1930–1950 жж.) қиын тағдырлар туралы баяндайтын бұл туынды Netflix платформасы үшін арнайы дайындалып жатыр. Фильмнің режиссері – әлемге танымал «Бумажный дом» сериалымен белгілі Мигель Анхель Вивас. Ол жаңа…
12 желтоқсан күні Алматыда өтетін УЕФА Конференция лигасының «Астана» мен «Челси» арасындағы матчы жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Осыған байланысты «Астана» футбол клубы мен Қазақстан футбол федерациясының өткен еуропалық матчтарындағы тәжірибесін ескере отырып, УЕФА Ұлттар лигасы ойындары кезінде билеттер сатуды екі кезеңге бөліп жүзеге асыру шешімін қабылдады. Билеттер сатылымының бірінші…
Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген 24 қараша күні Германияның Дюссельдорф қаласындағы PSD Bank Dome аренасында екінші рет жеке концертін өткізді. Бұған дейін ол осы қалада 2022 жылы «Arnau» бағдарламасымен өнер көрсеткен еді. Бұл концерт оның 2022 жылы Алматыда бастау алған «Stranger» әлемдік турының жалғасы болды. «Stranger» бағдарламасы екі жыл…
«Әл-Наср» клубының жұлдызды шабуылшысы, әйгілі португал футболшысы Криштиану Роналду жақында YouTube арнасындағы жаңа қонағы туралы мәлімдеме жасап, жанкүйерлерін қызықтырып қойған еді. Көпшілік бұл футбол әлеміне қатысты танымал тұлға болады деп күтті. Алайда Роналдудың арнасында белгілі блогер MrBeast қонақ болатыны белгілі болды. MrBeast шын есімі Джимми Дональдсон — америкалық бизнесмен және…