Apple смартфондары мен смарт сағаттарының өндірісін ішінара АҚШ-қа көшіреді. Енді Apple-дің бұл өнімдері АҚШ-та жасалған шынымен жабдықталады. Report мәліметінше, бұл туралы Ақ үйде техногигант басшысы Тим Кук мәлімдеген. «Алғаш рет әлемнің кез келген жерінде сатылатын әрбір жаңа iPhone мен жаңа Apple Watch құрылғылары Кентуккиде өндірілген шынымен жабдықталады», – деді ол.…