Лабубу қуыршағын шығаратын Pop Mart акциялары бірден 200%-ға көтерілді. Бұл туралы Bloomberg хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, кем дегенде бес брокерлік компания акциялар өседі деп болжаған. Олардың арасында Deutsche Bank AG пен Morgan Stanley де бар. Pop Mart акциялары Гонконг қор биржасында саудаланады. Былтыр ғана 50 гонконг доллары тұрған акциялар құны қазір 270-тен асты.…