Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында чехиялық теннисші Каролина Муховадан жеңіліп қалды. Кездесу үш сетке созылып, тартысты өтті. Алғашқы партияда Рыбакина ойын ыңғайын таба алмай, 2:6 есебімен жеңілді. Екінші сетте қазақстандық теннисші мінез көрсетіп, 6:2 нәтижесімен есепті теңестірді. Алайда шешуші үшінші сетте Мухова басым…