Алматыда жаңа жылдық костюммен жүгіру жарысы өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Minimarathon.Kz биыл бесінші рет өткелі жатыр. Жоспар бойынша іс-шара 2025 жылы 28 желтоқсанда Алатау ауданындағы Almaty Arena кешені маңында өтеді. «Қатысушылар 2026 метрлік символдық қашықтықты еңсеріп, карнавалды костюм киіп, жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алады», – делінген…