Казахстандық теннисші Елена Рыбакина Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 Wuhan Open 2025 турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға есе жіберді. Бұл жеңіс арқылы Соболенко Ухандағы қатарынан 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Осылайша дат теннисшісі Каролин Возняцкидің рекордын қайталады. Возняцки 2008–2011 жылдары Нью-Хэйвен турнирінде 20 матч қатарынан жеңіп, төрт бірдей…