Англия төрінде өтіп жатқан әйгілі Уимблдон турнирінің алғашқы айналымы қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз аяқталды. Жекелей сында еліміздің атынан қатысқан спортшылардың ішінен тек Елена Рыбакина ғана келесі кезеңге өтті. WTA рейтингінде 11-орында тұрған Елена Рыбакина алғашқы айналымда Арменияның үздік ойыншысы Элина Аванесянмен (WTA №49) кездесіп, 6:2, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске…