Аустрияда өтіп жатқан дзюдодан Гран-при кезеңінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Әділет Алмат (81 кг) алтын медаль иегері атанды. Турнир барысында Алмат Молдова, Бразилия, Эстония, Әзербайжан және Сербиядан келген қарсыластарын жеңді. Ал шешуші белдесуде ол әзербайжандық Вусал Галандарзадені басып озды. Осы салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназардың да жүлде алуға мүмкіндігі…