Алматы қаласының бокс федерациясы халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген боксшы Алуа Балқыбекованы арнайы марапаттап, BYD маркалы автокөліктің кілтін табыстады. Марапат 21 желтоқсанда Алматы қаласында өткен Алматы бокс федерациясының жылдық конференциясы аясында берілген. Салтанатты жиында биыл әлемдік додаларда жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатқан #AlmatyBoxingTeam командасының өзге де өкілдері…