Ливерпуль қаласында (Ұлыбритания) өткен бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Отандастарымыз жарыста он медаль иеленді. Оның жетеуі алтын, біреуі күміс, екеуі қола. Жеті алтынның иегерлері қатарында Алуа Балқыбекова, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Аида Әбікеева, Наталья Богданова,…