Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында үш алтын, бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алған Қазақстан әйелдер құрамасын Алматының әуежайында салтанатты түрде қарсы алды. Алматы спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы чемпионатта ел намысын қорғап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болған боксшыларды ерекше жетістіктерімен құттықтады. Атап айтқанда, Алуа Балқыбекова, Аида…