
Қаржы министрлігі 2024 жылы бюджетке ең көп салық төлеген компаниялар тізімін жариялады. Бұл тізімде ірі мұнай компаниялары көш бастап тұр. Қазақстанның батысындағы Теңіз кен орынын игеріп жатқан «Теңізшевройл» компаниясы былтыр бюджетке 3 трлн теңге салық аударған. Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы 6 сәуірде…