
Қазақстанда 20 триллион теңге қарызы қордаланған, мемлекеттің қарамағына алынған 6,3 мың кәсіпорын бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов айтты. «Бүгінгі таңда тауар өндіруге мемлекеттің қатысу үлесі 55%-ға жетеді. Қызмет көрсету саласындағы мемлекеттің үлесі 44%-ды құрайды. Мемлекеттің қатысуымен 6,3…