Екібастұз қаласындағы МАЭС-3 станциясын салатын инвестор табылмай тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрлік тендер өткізгенімен, нәтижесіз болған. Ақкенженовтің мәліметінше, инвесторды анықтауға жарияланған тендерге тек бір компания қатысқан. Қазақстан заңнамасына сәйкес, тендер жарамды деп танылу үшін кемінде екі компания қатысуы керек. Осы жағдайға байланысты министрлік Үкімет…