
Кейінгі бес жылда машина жасау саласының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 13%-дан 19%-ға дейін өскен. 2023 жылы өндіріс көлемі 4,6 трлн теңгеге жетіп, жаңа өнімдер түрлері шығарылып, экспорт көлемі айтарлықтай артты. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының XII форумында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Ел нарығына ауыл шаруашылығы техникаларын, автобустар, жеңіл және жүк көліктерін…