
Қазақстан нарығына TANK 500 BLACK жол талғамайтын көлігі әкелінді. Ол премиум санатындағы автолардың бірі саналады. Шетелдік сарапшылар қытайлық темір тұлпарды Жапонияда өндірілетін Toyota Land Cruiser-мен салыстырып жатады. Себебі екеуінің санаты бір. Қытайлық көлікке тоқталсақ. Бұл TANK 500 моделінің қосымша жинақтамасы ғана емес, аталған автоның жетілдірілген нұсқасы. Техникалық жағына келсек, көлік…