Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қытайдың «Жэньминь жибао» газетіне сұхбат берді. Қысқаша видео-сұхбат танымал әншінің ресми сайтында жарияланды. Димаш қытай басылымына Орталық Азия мен Қытай арасындағы достық, музыка құдіреті туралы не ойлайтынын айтқан. «Мен, Қазақстанда әнші отбасында туып өстім. Әнді көп тыңдадым. Алайда мен күндердің күнінде үнім биік тауларды асып,…