
Coca-Cola компаниясы Еуропаның кейбір елдерінде өз өнімдерін кері қайтарып жатқанын мәлімдеді. Себебі сусындардың құрамында хлорат химиялық затының «жоғары мөлшері» анықталған. Компания Бельгия, Люксембург және Нидерландыдағы дүкен сөрелерінен өз өнімдерін қайтарып алу жұмысын бастап кетті. Ұлыбританияға осы партияның бес түрлі өнімі өткен жылдың соңында жеткізілген, бірақ олардың барлығы сатылып кеткені хабарланды.…