4 қыркүйекте Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батыста қатты жауын, бұршақ, жел күшейеді.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік, оңтүстік-шығыста және орталықта күн ашық болады.
4 қыркүйек, бейсенбі күні, Қазақстанның көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр. Жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнайды. Ал батыста қатты жауын, бұршақ және жел күшейеді.
Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.
Республика бойынша жел күшейеді. Ал солтүстік бөлігінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі мүмкін.
Елдің шығысы мен орталығында түнде ауа температурасы +2…+10 °С дейін төмендеп, кей жерлерде жер бетінде – 2 °С дейін күн суытады.
Күндіз...