Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты ашық сот отырысында ТҮКШ бөлімінің экс-басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік ішкі аудит департаментінің ақпараты бойынша лауазымды тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 17 іс қозғалған.
2022 жылы сол кезде ТҮКШ бөлімінің бұрынғы басшысының атынан «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V заң талаптарын бұза отырып, бір көзден алу тәсілімен республикалық мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы...