Қазақстанда шығарылған сот шешімдерінің шамамен 97% шағым келіп түспейді. Бұл туралы Сенат отырысынан кейін баспасөз алаңына шыққан Жоғары сот судьясы Нұрсерік Шәріпов айтты.
Журналистер сауалына жауап беру барысында Шәріпов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сот жүйесіне қатысты сөзіне пікір білдірді.
«Әрине іс қарау кезінде қателік жіберетін судьялар сот билігіне ғана емес, мемлекеттік билікке деген сенімге селкеу түсіреді. Мұнымен ешкім таласа алмайды. Мұндай қателіктер болмауы тиіс. Жоғары сот кеңесі судьялардың жұмысын қадағалап, олардың жасаған қателіктеріне баға беріп, оларға қатысты шара қолданып отырады», – деді судья.
Дегенмен сот билігіне қатысты сын айтатын кезде нақты дәлелдерге сүйеніп, статистиканы қарау керек...