Қазақстанда 2022 жылы Kids go Free бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында бойынша былтыр 76 млн. теңгеге ұшақ билеттері субсидияланды. Осының арқасында балаларға ел ішіндегі әуе рейстермен тегін ұшу мүмкіндігі берілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады.
«Ақтау – Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының бірі және танымал отбасылық демалыс орны. Өткен жылы Kids go Free бағдарламасын 700-ге жуық отбасы пайдаланды, бұл 1500 балаға Қазақстанның басқа өңірлерін тегін көруге мүмкіндік берді. Биыл кем дегенде 2000 бала мен 1000 отбасын қамту міндеті тұр. Ол үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілді», – деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкіл...