Қазақстанға Еуропа елдерінен де, АҚШ-тан да санкция туралы ресми хабарлама түспеген. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«Батыс басылымдары Ресейге сатуға санкция салынған гаджет, микрочип сияқты тауарлардың Қазақстан арқылы тасымалдануы күрт көбейгенін хабарлады. Бұл басылымдар «Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан жоқ па?» деген сауал тастап отыр», деді журналист.
Айбек Смадияровтың айтуынша, ресми органдардан мұндай хабарлама келмеген.
«Қазақстан мен АҚШ арасында арнайы комиссия бар, оны Сауда министрлігі жүргізеді. Егер бір қазақстандық компания Ресейдің бір компаниясымен келіссөз өткізіп немесе келісімшартқа қол қою жоспарланып жатса, сол комиссия алдын...