Қашаған операторы – North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумының 7,563% үлесін иеленетін Inpex NorthCaspian Sea Ltd. компаниясы Ақтау портынан Баку арқылы Еуропаға 7 мың тонна мұнай жөнелтеді. Бұл жайлы «ҚазТрансОйл» компаниясы көлік департаментінің директоры Абай Бейсембаев хабарлады.
«Біздің жылына 6,2 млн тонна жөнелтуге техникалық мүмкіндігіміз бар. Порттың ағымдағы жүктемесі Транскаспий бағыты бойынша ауыстырып тиеуді есепке алғанда BTC (Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры) арқылы Теңізшевройл көлемін тасымалдау – 1,5 млн тоннаны құрайды. Алдағы уақытта 3,5 млн тоннаға жетпек. Сондай-ақ осы айда Қашаған тобындағы Inpex компаниясы сынақ ретінде тасымалды бастайды. Цистерналар Ақтауға жөнелтілді. Бүгінде құйылып жатыр. Осы айда 7 мы...