Алматы қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) қайтадан өз жұмыстарын жалғастыруға көшті. Бұған дейін Наурызбай ауданындағы орталық тек заңды тұлғаларға қызмет көрсеткен болатын. Енді қазақстандықтар ХҚКО-дан тек қағаз күйінде берілетін қызмет түрлерін ғана алады. Ал электронды қызмет түрлері ұсынылмайды. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеу, Covid-19 вирусының таралуын шектеу мақсатында қолға алынып отыр екен.
«Барлық мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуға шақырамыз. Порталда рәсімдеуге болатын қызмет түрлерін онлайн әдіспен рәсімдеңіздер. Жылдам әрі сапалы қызметті алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласып, біздің операторлардан кеңес алса болады. Сондай-ақ кезекке тұрған клиенттер уақытылы келу керек. Егер кешігіп қалса, онда кезекке қайтадан...