Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін тұста ауыл шаруашылық техникаларының сақадай сай болуы аса маңызды. Бірақ әлемді пандемия жайлап, АҚШ долларының құны қымбаттағандықтан, шаруалардың көпшілігі қажетті бөлшектерді Еуропадан әкелуге қауқарсыз. Осыны ескерген Павлодар ауданының кәсіпкері Андрей Андрейцев Жаңачерноярка ауылында сынамалы цех ашып, бөлшектер дайындауға мықтап кірісті.
Андрейдің әкесі Геннадий Андрейцев 20 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Сондықтан үнемі әкесінің қасынан табылып, шаруаға араласып жүрген Андрей трактор, комбайндардың барлығын дерлік жақсы біледі. Тіпті, оларды жөндеуді үйреніп алған. Кейін осы қабілетін табыс көзіне айналдыруды ойлап, қосалқы бөлшек шығаруды қолға алды.
«Барлық жұмыс сызбалары компьютерде жасалады. Алдымен кескіндейміз, миллиметріне дейін анықтап өлшейміз...