Қазіргі кезде төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылып қалған 31 жұмыс берушінің 317 қызметкеріне 42500 теңге тағайындалған. Сонымен қатар 2828 адамның өтінішін арнайы комиссия қарап жатыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті.
«Жұмыссыз қалған азаматтарға бүгіннен бастап тиісті жұмыс орталықтарында онлайн арқылы төлем беру басталады. 300-ден аса өтініш түскен болатын. Солардың бәріне, жүмысынан айырылған азаматтарға, жұмыскерлерге беріледі Оның көлемі 42 500 теңге көлемінде бекітілген. Мемлекет дегеніміз сіз бен біз. Біз бір бірімізді қиын-қыстау кезеңде ешқашан ұмыт қалдырмаймыз. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж азаматтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек уақтылы жеткізіліп жатыр»,- деді әкімнің орынбасары.
Оның айтуынша, Үкімет...