2024 жылы қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары арасында ең жиі қолданылған сленг – «Базар жоқ» тіркесі болды. Бұл тіркес, әсіресе, Instagram мен Facebook платформаларындағы пікірлерде кеңінен тараған. Мұндай қорытындыны әлеуметтік желілерді талдау және басқарумен айналысатын LiveDune сервисі жасады.
Сленгтің кең таралуын талдауға көмектескен – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің PhD докторанты Тұрғанбаева Қымбат Мұратжанқызы 200-ге жуық сленг сөздерден тұратын сөздік құрастыруға атсалысқан. Бұл тізімге TikTok пен Telegram арналары арқылы қазақ тіліне енген орыс және ағылшын тілдеріндегі гибридті сленгтер де кірген.
Қай платформада көп қолданылады?
Сленгтің 80%-ы Instagram желісінде қолданылған. Facebook үлесі – 18%, ал Telegram – небәр...