Мемлекет басшысының бағыттар желісін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2023 жылғы 2 наурызда Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдарының келіссөздері өтті. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Өзбекстан Республикасының делегациясын Көлік министрінің орынбасары Жасүрбек Хориев басқарды.
Келіссөздер барысында тараптар рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылады.
Тараптар Астана – Ташкент бағыттары бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 12–ден 36 рейске дейін (өсім 80%) және Алматы-Ташкент бағыттары бойынша аптасына 20-дан 36 рейске дейін (өсім 200%), ал қалған бағыттар бойынша аптасына 4 рейске...