Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін 100 үйдің құрылысы басталды
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 100 жаңа үйдің құрылысы басталды. Бұл үйлер KAZ Minerals, Kazakhmys Holding және Kaspi.kz сынды компаниялар бөлген қаражатқа салынады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған компаниялар су тасқынынан зардап шеккендерге 60 млрд теңгеге дейін қаражат бөлген, соның басым бөлігі Солтүстік Қазақстан облысына бағытталады.
Су тасқыны басталғалы облыста 3 898 үйді су басқан. Саяжай аумағында 6 597 учаске зардап шеккен. Облыс әкімдігінің мәліметінше, су басқан тұрғын үйлердің 40%-ға жуығы одан әрі тұруға жарамсыз болуы мүмкін.
Солнечное-2 ауылында 100 үйдің құрылысы басталып кеткен. Оған 10 мердігерлік ұйым жұмылдырылған. Баспананы жаздың ортасына дейін...