Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директоры Ғалымжан Ерназаров филармония қызметкері Наркенже Серікбаеваны сотқа бермейтін болды. Бұл туралы ол бүгін түсте мәлімдеді.
«Кешеден бері әлеуметтік желіде тарап жатқан видеоға байланысты көптеген резонанстар туындады. Осы бойынша Түркістан облысы әкімдігінен, облыстық мәдениет басқармасынан комиссия құрылды. Комиссия келіп, екіжақты тыңдады. Ұжыммен бізсіз (Наркенже Серікбаеваны айтады – ред.) кездесті. Кімнің қаншалықты, қандай деңгейде ауыр сөйледік пе, шекарадан асып сөйледік пе деген мәселелерді көтеріп, комиссия шешім шығарды. Мен де жеке комиссияға кірдім. Наркенже Серікбаева да жеке кірді. Соңынан екітараптама сөйлесіп, бір-бірімізге өкпе-ренішіміз жоқ екенін айтып, екеуміз де стористарымыздан, әлеуметтік желіге салған...