АҚШ бастаған жаһандық сауда текетіресінен Орталық Азия елдерінің арасында Қазақстан экономикасы ең көп зардап шегуі мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) жаңа экономикалық шолуында жазылған.
«Коммерсант» басылымының мәліметінше, сауда соғысының салдарынан мұнай бағасының арзандауы ел экономикасына үлкен соққы болмақ. Бірақ жағымсыз әсерді ел ішіндегі белсенді инвестициялық саясат пен мемлекеттік қолдау әлсірете алады.
Сауда соғысы әлемдік шикізат нарығына қысым жасап отыр. ЕАДБ сарапшылары Brent маркалы мұнай бағасы 2025 жылы орта есеппен 67 доллар болады деп болжайды. 2026–2027 жылдары ол 63 доллар шамасына дейін төмендеуі мүмкін.
Бұл – Қазақстан мен Ресей сияқты мұнайға тәуелді экономика үшін жағымсыз сценарий...