23 маусымда түнде Иран АҚШ-тың Ирак пен Катардағы әскери базаларына соққы жасады. Тегеран базаларға шабуыл жасағанын CNN телеарнасына америкалық екі шенеунік растады.
Дүйсенбі күні түнде Иран Құрама Штаттардың Ирак пен Катардағы әскери базаларына бірнеше зымыран ұшырды. Ислам революциясының сақшылары корпусының мәлімдеуінше, соққы Катардағы Әл-Удейд әуе базасына жасалған. Тегеран мұны АҚШ-тың Иранға шабуылына қарымта соққы деп атады.
Катар астанасы – Доха тұрғындары CNN телеарнасына қалада қатты жарылыстар болғанын мәлімдеді. Жергілікті билік азаматтарды қауіпсіз жерге жасырынуға кеңес берді.
Катар билігі иран зымырандарын әуеде жойғанын, ешкім зардап шектегенін мәлімдеп отыр. Бұған қоса, Доха шабуылға тікелей жауап беру құқығына ие екенін ескертті. Бұл...