Қазақстан сыртқы істер министрілігі Қазақстан аумағына құлаған дрондарға қатысты пікір білдірді.
Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан аумағынан Ресейге қарай ұшқышсыз ұшу аппараттары жіберілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Қазір құзырлы органдар Қазақстан аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын табуға байланысты барлық оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Оқиғаны тексеру нәтижесін күтуді ұсынамыз. Нәтижесі бойынша тиісті жұмыс жүргіземіз», – дейді Смадияров.
Айтуынша, қазір қорғаныс министрлігі тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның батыс өңіріне бес дрон құлады. 19 маусымда күндіз Маңғыстау облысының тұрғындары қашықтан басқарылатын ұшу аппаратын тауып алды. Сұр түсті аппарат Қарақия ауданы аумағында Болашақ шекара темір жол...