Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Алматыда күзет қызметі түрінде әрекет етіп, бұзақылық, бопсалау және қару сақтау сияқты заңсыз әрекеттермен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Қазір ҰҚТ мүшелеріне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар 2025 жылдың қаңтарында анықталған.
«Сонымен қатар трансұлттық сипаттағы 7 ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша және бір қылмыстық қауымдастық құру фактісі бойынша іс тергеліп жатыр», – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ трансұлттық қылмыстық қауымдастық құру және оған басшылық ету фактісі бойынша алғаш рет сотқа дейінг...